Linux Unified Driver Configurator құралын пайдалану

Unified Driver Configurator — негізінен құрылғылардың параметрлерін реттеуге арналған құрал. Unified Driver Configurator бағдарламасын пайдалану үшін Unified Linux Driver бағдарламасын орнату керек (Linux үшін орнату бөлімін қараңыз).

Драйвер Linux жүйесіне орнатылғаннан кейін, жұмыс үстелінде автоматты түрде Unified Driver Configurator белгішесі автоматты түрде жасалады.

Unified Driver Configurator бағдарламасын ашу

  1. Жұмыс үстеліндегі Unified Driver Configurator белгішесін екі рет басыңыз.

    Сондай-ақ, Startup мәзірінің белгішесін басып, Samsung Unified Driver > Unified Driver Configurator тармағын таңдауыңызға болады.

  2. Тиісті конфигурация терезесіне ауысу үшін, сол жақтағы әрбір түймені басыңыз.

    1. Printer Configuration

    2. Port Configuration

    [Note]

    Экрандағы анықтаманы пайдалану үшін, Help түймесін басыңыз.

  3. Теңшелімдерді өзгерткеннен кейін Unified Driver Configurator терезесін жабу үшін Exit пәрменін таңдаңыз.

Принтерлер конфигурациясы

Printers configuration терезесінде екі қойынды бар: Printers және Classes.

Printers қойындысы

Ағымдағы жүйенің принтер конфигурациясын көру үшін, Unified Driver Configurator терезесінің сол жағындағы құрылғы белгішесі түймесін басыңыз.

1

Printers configuration терезесіне ауысады.

2

Барлық орнатылған машиналарды көрсетеді.

3

Машинаның күйін, модель атауын және URI мекенжайын көрсетеді.

Принтерді басқару түймелері төмендегідей:

  • RefreshҚолдануға болатын құрылғылар тізімін жаңартады.

  • Add PrinterЖаңа құрылғылар қосуға мүмкіндік береді.

  • Remove PrinterТаңдалған құрылғыны жояды.

  • Set as DefaultАғымағы таңдалған құрылғыны әдепкі құрылғы етіп орнатады.

  • Stop/StartҚұрылғыны тоқтатады/қосады.

  • TestҚұрылғының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін, сынақ парағын басып шығаруға мүмкіндік береді.

  • PropertiesПринтердің сипаттарын көруге және өзгертуге мүмкіндік береді.

Classes қойындысы

«Classes» қойындысында қолдануға болатын құрылғы сыныптарының тізімі көрсетіледі.

1

Құрылғы сыныптарының барлығын көрсетеді.

2

Сыныптың күйі мен сыныптағы құрылғылардың санын көрсетеді.

  • RefreshСыныптар тізімін жаңартады.

  • Add ClassЖаңа құрылғылар сыныбын қосуға мүмкіндік береді.

  • Remove ClassТаңдалған құрылғы сыныбын жояды.

Ports configuration

Бұл терезеде бар болған порттар тізімін қарауға, әр порттың күйін тексеруге және иесі тапсырманы бір себеппен жойған кезде бос емес күйде тұрып қалған портты босатуға болады.

1

Ports configuration терезесіне ауысады.

2

Қолдануға болатын порттардың барлығын көрсетеді.

3

Порт түрін, портқа жалғанған құрылғы мен күйін көрсетеді.

  • RefreshҚолдануға болатын порттар тізімін жаңартады.

  • Release portТаңдалған портты босатады.