Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы

Осы пайдаланушы нұсқаулығында машинаның негіздері туралы ақпарат, сонымен бірге, машинаны пайдалануды түсіндіретін егжей-тегжейлі қадамдар берілген.

Келісімдер

Бұл нұсқаулықтағы кейбір терминдер төмендегідей бір-бірінің орнын басады:

  • Құжат түпнұсқаның синонимі болып табылады.

  • Қағаз құралдың немесе баспа құралының синонимі болып табылады.

  • Құрылғы принтерді немесе көп функциялы сыртқы құрылғыны білдіреді.

Жалпы белгішелер

Белгіше

Текст

Сипаттама

Абайлаңыз

Құрылғыны ықтимал механикалық зақымнан қорғау немесе бұзылуына жол бермеу туралы пайдаланушыларға ақпарат береді.

Ескерту

Құрылғының функциясы және мүмкіндігі туралы толық техникалық сипат немесе қосымша ақпарат береді.