SyncThru™ Web Service бағдарламасын пайдалану

[Note]
  • SyncThru™ Web Service үшін кемінде Internet Explorer 6.0 немесе одан жоғары нұсқасы қажет.

  • SyncThru™ Web Service параметрлеріне немесе моделіне байланысты осы нұсқаулықтағы түсіндірме машинаңыздағыдан басқа болуы мүмкін.

  • Тек желілік модель.

SyncThru™ Web Service бағдарламасына қатынасу

  1. Windows жүйесінен Internet Explorer сияқты веб-браузерге кіріңіз.

    Мекенжай өрісіне принтердің машина IP мекенжайын (http://xxx.xxx.xxx.xxx) енгізіңіз және Enter пернесін басыңыз немесе Өту түймесін басыңыз.

  2. Құрылғының енгізілген веб-торабы ашылады.

SyncThru™ Web Service қызметіне кіру

SyncThru™ Web Service параметрлерді реттемес бұрын, жүйеге әкімші ретінде кіруіңіз қажет. SyncThru™ Web Service қызметін жүйеге кірместен пайдалана беруіңізге болады, бірақ Настройки қойындысы мен Безопасность қойындысына қол жеткізе алмайсыз.

  1. SyncThru™ Web Service веб-торабының жоғарғы оң жағындағы Вход в систему түймесін басыңыз.

  2. Идентификатор мен Пароль енгізіп, Вход в систему түймесін басыңыз.

    • Идентификаторadmin

    • Пароль sec00000

SyncThru™ Web Service қызметіне шолу

[Note]

Үлгіге қарай, кейбір қойындылар көрсетілмеуі мүмкін.

Информация қойындысы

Бұл қойындыда құрылғы туралы жалпы ақпарат беріледі. Тонердің қалған мөлшері сияты нәрселерді тексеруіңізге болады. Сондай-ақ, қате туралы есеп сияқты есептерді басып шығара аласыз.

  • Активные предупрежденияМашинада пайда болған ескертулерді және олардың дәрежесін көрсетеді.

  • Расходные материалыҚанша беттер басып шығарылғанын және картриджде қалған тонер мөлшерін көрсетеді.

  • Счетчики использованияПайдалану санағын басып шығару түрлері бойынша көрсетеді: бір жақты және екі жақты

  • Текущие параметрыМашинаның және желінің ақпаратын көрсетеді.

  • Печать информацииЖүйеге қатысты есептер, электрондық пошта мекенжайы және қаріп есептері сияқты есептерді басып шығарады.

Настройки қойындысы

Бұл қойынды құрылғыда және желіде ұсынылған конфигурацияларды орнатуға мүмкіндік береді. Бұл қойындыны көру үшін жүйеге әкімші ретінде кіруіңіз қажет.

  • Параметры устройства қойындысы: Машина қамтамасыз ететін параметрлерді орнатады.

  • Параметры сети қойындысы: Желі ортасының параметрлерін көрсетеді. TCP/IP және желі протоколдары сияқты параметрлерді орнатады.

Безопасность қойындысы

Бұл қойынды жүйе және желі қауіпсіздігі ақпаратын орнатуға мүмкіндік береді. Бұл қойындыны көру үшін жүйеге әкімші ретінде кіруіңіз қажет.

  • Безопасность системыЖүйелік әкімшінің ақпаратын орнатады, сонымен бірге, машина мүмкіндіктерін қосады немесе ажыратады.

  • Стандарт безопасности СетьHTTPs, IPSec, IPv4/IPv6 сүзу, 802.1x және түпнұсқалық растама серверлері үшін параметрлерді орнатады.

Обслуживание қойындысы

Бұл қойынды жабдықтың ішке орнатылған бағдарламасын жетілдіру және электрондық хаттар жіберу үшін байланыс ақпаратын орнату арқылы құрылғыға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Samsung веб-торабына қосылуыңызға немесе Ссылка мәзірін таңдау арқылы драйверлер жүктеп алуыңызға болады.

  • Обновление ПО устройстваМашинаның микробағдарламасын жаңартыңыз.

  • Контактная информацияБайланыс ақпаратын көрсетеді.

  • СсылкаАқпаратты қотаруға немесе тексеруге болатын пайдалы тораптардың сілтемелерін көрсетеді.

Электрондық пошта ескертуін орнату

Осы параметрді орнату арқылы құрылғыңыздың күйі туралы электрондық пошта хабарларын алуыңызға болады. IP мекенжай, хост атауы, электрондық пошта мекенжайы және SMTP серверлік ақпараты сияқты мәліметті орнату арқылы құрылғы күйі (тонер картриджінің жеткіліксіздігі немесе құрылғы қатесі) белгілі бір адамның электрондық поштасына автоматты түрде жіберіліп тұрады. Бұл параметрді құрылғы әкімшісі жиірек пайдалана алады.

  1. Windows жүйесінен Internet Explorer сияқты веб-браузерді іске қосыңыз.

    Мекенжай жолағына құрылғының IP мекенжайын (http://xxx.xxx.xxx.xxx) енгізіп, Enter пернесін басыңыз немесе Өту түймесін басыңыз.

  2. Құрылғының енгізілген веб-торабы ашылады.

  3. Настройки қойындысынан Параметры устройства > Уведомления электронной почты параметрін таңдаңыз.

    [Note]

    Шығыс сервер ортасын теңшемесеңіз, электрондық поштамен хабарландыруды орнату алдында желі ортасын теңшеу үшін Настройки > Параметры сети > Сервер исходящей почты(SMTP) тармағына өтіңіз.

  4. Уведомления электронной почты мүмкіндігін пайдалану үшін ВКЛЮЧИТЬ құсбелгісін қойыңыз.

  5. Электрондық пошта ескертуінің пайдаланушысын қосу үшін Добавить түймесін басыңыз.

    Ескертілгенін қалайтын ескерту элементтерімен бірге алушы аты мен электрондық пошта мекенжай(лар)ын орнатыңыз.

  6. Применить түймесін басыңыз.

[Note]

Брандмауэр белсендірілген болса, электрондық пошта хабары сәтті жіберілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда желі әкімшісіне хабарласыңыз.

Жүйелік әкімші туралы ақпаратты орнату

Бұл параметр электрондық пошта ескеруі опциясын пайдалану үшін қажет.

  1. Windows жүйесінен Internet Explorer сияқты веб-браузерді іске қосыңыз.

    Мекенжай жолағына құрылғының IP мекенжайын (http://xxx.xxx.xxx.xxx) енгізіп, Enter пернесін басыңыз немесе Өту түймесін басыңыз.

  2. Құрылғының енгізілген веб-торабы ашылады.

  3. Безопасность қойындысынан Безопасность системы > Системный администратор параметрін таңдаңыз

  4. Әкімшінің атын, телефон нөмірін, орнын және электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

  5. Применить түймесін басыңыз.