Глоссарий

[Note]

Келесі глоссарий басып шығаруға қатысты көп қолданылатын және осы пайдаланушыға арналған нұсқаулықта кездесетін терминологияны түсіну арқылы өніммен танысуға көмектеседі.

802.11

802.11 - сымсыз жергілікті желі (WLAN) байланысына арналған стандарттар жиынтығы, IEEE LAN/MAN Стандарттар комитеті (IEEE 802) тарапынан дайындалған.

802.11b/g/n

802.11b/g/n кейбір жабдықтарды ортақ пайдалануы және 2,4 ГГц жиілігін пайдалануы мүмкін. 802.11b 11 Мб/с-қа дейінгі өткізу мүмкіндігін, 802.11n 150 Мб/с-қа дейінгі өткізу мүмкіндігін қолдайды. 802.11b/g/n құрылғыларына кейде микротолқындық пештер, сымсыз телефондар және Bluetooth құрылғылар кедергі келтіруі мүмкін.

Қатынас нүктесі

Қатынас нүктесі немесе сымсыз қатынас нүктесі (AP немесе WAP) - сымсыз жергілікті желілерде (WLAN) сымсыз байланыс құрылғыларын байланыстыратын және WLAN радиосигналдары үшін орталық трансмиттер және ресивер ретінде жұмыс істейтін құрылғы.

ADF

Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы (ADF) - түпнұсқа қағаз парағын автоматты түрде беретін сканерлеу құрылғысы, құрылғы қағаздың біршама көлемін бір уақытта сканерлей алады.

AppleTalk

AppleTalk - компьютерлік желі құру үшін Apple, Inc шығарған арнайы протоколдар жиынтығы. Ол бастапқы Macintosh (1984) құрамына енгізілген және қазір оны Apple компаниясы TCP/IP желісінің пайдасына жойды.

Биттік тереңдік

Растрлік суреттегі бір пикселдің түсін көрсету үшін пайдаланылатын биттер санын сипаттайтын компьютерлік графика термині. Жоғарырақ түс тереңдігі анық түстердің кеңірек ауқымын береді. Биттер саны көбейген сайын, түстер картасы үшін мүмкін болатын түстер саны тым көбейіп кетеді. 1-битті түс әдетте монохромды немесе қара және ақ деп аталады.

BMP

Microsoft Windows графикалық ішкі жүйесі (GDI) пайдаланатын және сол платформада қарапайым графикалық файл пішімі ретінде пайдаланылатын растрлік графика пішімі.

BOOTP

BOOTP протоколы. Желілік клиент өзінің IP-мекенжайын автоматты түрде алу үшін пайдаланатын желілік протокол. Әдетте ол компьютерлердің немесе олардағы жұмыс істейтін операциялық жүйелердің бастапқы жүктелу процесінде орындалады. BOOTP серверлері әрбір клиентке IP-мекенжайды мекенжайлар тобынан тағайындайды. BOOTP протоколы «дискісіз жұмыс станциясының» компьютерлеріне IP-мекенжайды кез келген жетілдірілген операциялық жүйені жүктеуден бұрын алуға мүмкіндік береді.

CCD

Зарядты байланысы бар құрылғы (CCD) - сканерлеу тапсырмасын қосатын аппараттық құрал. CCD бекіту құрылғысы CCD модулін құрылғыны жылжытқан кезде зақымдалудан сақтау үшін пайдаланылады.

Реттеу

Реттеу - жинақта бірнеше көшірме тапсырмасы бойынша басып шығару процесі. Реттеу таңдалғанда, құрылғы қосымша көшірмелерді басып шығарудан бұрын бүкіл жинақты басып шығарады.

Басқару тақтасы

Басқару панелі - басқару немесе бақылау аспаптары көрсетілетін тегіс, көбінесе тік болып келетін бөлік. Әдетте олар құрылғының алдыңғы жағында орналасады.

Қамту

Басып шығару кезінде тонердің пайдаланылуын өлшеу үшін қолданылатын басып шығаруға қатысты термин. Мысалы, 5 % қамту A4 өлшеміндегі қағазда шамамен 5 % суреттің немесе мәтіннің болатынын білдіреді. Сондықтан, егер қағазда немесе түпнұсқада күрделі суреттер немесе көп мәтін болса, қамту жоғары болады және сонымен бірге, тонерді пайдалану көлемі қамту көлемімен бірге артады.

CSV

Үтірлермен бөлінген мәндер (CSV). Файл пішімінің түрі, CSV әр түрлі бағдарламалар арасында деректер алмасу үшін пайдаланылады. Файл пішімі, Microsoft Excel бағдарламасында пайдаланылғандай, іс жүзінде сала стандартына айналды, Microsoft емес платформалар арасында да.

DADF

Дуплексті құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы (DADF) - құрылғы қағаздың екі жағын да сканерлей алатындай етіп, түпнұсқа парақты автоматты түрде беретін және аударатын сканерлеу құрылғысы.

Әдепкі

Принтерді қорабынан алған кездегі, қалпына келтірген кездегі немесе бастапқы күйге орнатқан кездегі мән немесе параметр.

DHCP

Хостарды динамикалық теңшеу протоколы (DHCP) - клиент-сервер желілік протоколы. DHCP сервері DHCP клиент хост сұрауына тән конфигурация параметрлерін қамтамасыз етеді, жалпы, IP желісінде қатысу үшін клиент хостына қажет мәліметтер. Сондай-ақ, DHCP клиент хосттарына IP-мекенжайларды бөліп беру механизмін қамтамасыз етеді.

DIMM

Қос қосылған жад модулі (DIMM) - жад ұстайтын кішкентай схемалық тақта. DIMM басып шығару деректері, алынған факс деректері сияқты құрылғы ішіндегі барлық деректерді сақтайды.

DLNA

DLNA альянсы (DLNA) - үй желісіндегі құрылғыларға желі арқылы бір-бірімен ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін стандарт.

DNS

Домен атауларының сервері (DNS) - Интернет сияқты желілердегі бөлінген дерекқордағы домен атауларына қатысты мәліметтерді сақтайтын жүйе.

Нүктелік-матрицалық принтер

Нүктелік-матрицалық принтер - басатын басы бетте алға және артқа қозғалатын, соққы арқылы басатын, жазу машинкасы сияқты қағазға бояу сіңірілген мата таспаны соғу арқылы басатын компьютер принтері.

DPI

Дюймдегі нүктелер саны (DPI) - сканерлеу және басып шығару үшін пайдаланылатын ажыратымдылық өлшемі. Әдетте, DPI жоғарылаған сайын ажыратымдылық артады, суреттегі көрінетін бөліктер көбейеді және файл өлшемі үлкейеді.

DRPD

Шартты қоңырауды автоматты тану. Шартты қоңырау - пайдаланушыға әр түрлі бірнеше телефон нөмірлеріне жауап беру үшін бір телефон желісін пайдалануға мүмкіндік беретін телефон компаниясының қызметі.

Дуплекс

Құрылғы қағаздың екі жағында да басатын (сканерлейтін) етіп қағаз парағын автоматты түрде аударатын механизм. Дуплекс құрылғысы бар принтер бір баспа циклінде қағаздың екі жағынан да баса алады.

Өнімділік

Өнімділік - принтердің бір айдағы жұмыс өнімділігіне әсер етпейтін беттер саны. Әдетте принтерде бір жылдағы беттер саны сияқты пайдалану мерзімінің шектеуі болады. Пайдалану мерзімі басып шығарулардың орташа көрсеткішін білдіреді, әдетте кепілдік мерзімі ішіндегі. Мысалы, егер өнімділік 20 жұмыс күні бар бір ай үшін 48 000 бет болса, принтердің жұмыс істеу шегі күніне 2 400 бет болады.

ECM

Қателерді түзету режимі (ECM) - 1-класс факс машиналарына немесе факс-модемдерге қосылатын қосымша беру режимі. Ол кейде телефон желісіндегі кедергілерден болатын факс жіберу процесіндегі қателерді автоматты түрде табады және түзетеді.

Эмуляция

Эмуляция бір құрылғының басқа құрылғының нәтижелерімен бірдей нәтижелер алу әдісі.

Эмулятор бір жүйенің функцияларын басқа жүйеде қайталайды, екінші жүйе бірінші жүйе сияқты әрекет етеді. Эмуляция сыртқы жұмысты дәл көшіруге назар аударады, симуляциядан өзгеше болады, симуляцияда симуляцияланатын жүйенің абстрактілік моделіне, көбінесе ішкі күйіне көңіл бөлінеді.

Ethernet

Ethernet - жергілікті желілерге (LAN) арналған фреймдік компьютер желісінің технологиясы. Ол физикалық деңгей үшін схеманы және сигнал беруді сипаттайды және кадр пішімдері және протоколдар үшін, ортамен қатынасты басқару (MAC)/деректер беру деңгейі, OSI моделі. Ethernet көбінесе IEEE 802.3 ретінде стандартталады. Ол 1990 жылдардан бастап қазірге дейін пайдаланылып келе жатқан ең көп таралған LAN технологиясына айналды.

EtherTalk

Компьютер желісіне арналған Apple Computer тарапынан жасалған протоколдар жиынтығы. Ол бастапқы Macintosh (1984) құрамына енгізілген және қазір оны Apple компаниясы TCP/IP желісінің пайдасына жойды.

FDI

Сыртқы құрылғы интерфейсі (FDI) - монеталық құрылғы немесе кардридер сияқты үшінші тараптың құрылғысына рұқсат етуге арналған құрылғы ішіне орнатылған карта. Ол құрылғылар сіздің құрылғыңызда төлемге негізделген қызметті қамтамасыз етеді.

FTP

Файлдарды беру протоколы (FTP) - TCP/IP протоколын (мысалы, Интернет немесе интранет) қолдайтын кез келген желі арқылы файлдар алмасу үшін кең пайдаланылатын протокол.

Термофиксатор құрылғысы

Баспа құралына тонерді түсіретін лазерлік принтердің бөлігі. Ол жылу ролигі мен қысым ролигінен тұрады. Тонер қағазға түсірілгеннен кейін, термобекіту құрылғысы тонердің қағазда тұрақты қалуы үшін жылу мен қысымды қолданады, сондықтан да қағаз лазерлік принтерден шыққан кезде ол жылы болады.

Шлюз

Компьютер желілерінің арасындағы қосылым немесе компьютер желісі мен телефон желісінің арасындағы қосылым. Ол өте кең таралған, себебі ол басқа компьютермен немесе желімен қатынасты қамтамасыз ететін компьютер немесе желі болып табылады.

Сұр түстің реңктері

Түсті суреттер сұр түстің реңктеріне түрлендірілгенде суреттің ашық және қара бөліктерін көрсететін сұр түстің шкаласы; түстер әр түрлі сұр түстің шкаласымен көрсетіледі.

Көмескі түс

Нүктелер санын өзгерту арқылы сұр түстің реңктерін көрсететін сурет түрі. Қатты боялған бөліктерде нүктелердің саны көп болады, ал ақшыл бөліктердегі нүктелердің саны азырақ болады.

HDD

Қатты диск (HDD), әдетте қатты дискілердегі жинақтауышты немесе қатты дискіні білдіреді, энергиядан тәуелсіз сақтау құрылғысы, сандық кодталған деректерді магнитті беті болатын жылдам айналатын дискілерде сақтайды.

IEEE

Электротехника және электроника саласындағы инженерлер институты (IEEE) - электрге қатысты технологияны дамытуға арналған халықаралық коммерциялық емес кәсіби ұйым.

IEEE 1284

1284 параллель порт стандартын Электротехника және электроника саласындағы инженерлер институты (IEEE) жасаған. «1284-B» термині сыртқы құрылғыға (мысалы, принтерге) қосылатын параллель кабельдің ұшындағы арнайы коннектор түрін білдіреді.

Интранет

Ұйымның мәліметтерінің немесе операцияларының бір бөлігін сенімді түрде өз қызметкерлерімен бірлесіп пайдалану үшін IP протоколдарын, желі қосылымын және жалпы байланыс жүйесін пайдаланатын жеке желі. Кейде бұл термин тек ең нақты көрінетін қызметті, ішкі веб-сайтты білдіреді.

IP мекенжай

Интернет протоколы (IP) мекенжайы - IP протоколы стандартын пайдаланатын желіде бір-бірімен байланысу және анықтау үшін құрылғылар пайдаланатын бірегей нөмір.

IPM

Бір минуттағы суреттер (IPM) - принтер жылдамдығын өлшеу әдісі. IPM көрсеткіші принтер бір минут ішінде басып шығара алатын бір жақты парақтар санын көрсетеді.

IPP

Интернет басып шығару протоколы (IPP) басып шығару, басып шығару тапсырмаларын басқару, баспа құралдарының өлшемі, ажыратамдылық және т.б. үшін стандартты протоколды сипаттайды. IPP протоколын жергілікті немесе Интернет арқылы жүздеген принтерлер үшін пайдалануға болады және ол қатынасты басқару, аутентификация және шифрлау мүмкіндіктерін қолдайды, бұл оны бұрынғыларға қарағанда икемдірек және қауіпсіз басып шығару шешімі етеді.

IPX/SPX

IPX/SPX - желіаралық бумалар алмасу протоколы/бірізді бумалар алмасу. Novell NetWare операциялық жүйелері пайдаланатын желілік протокол. IPX және SPX протоколдары TCP/IP протоколына ұқсас қосылым қызметтерін қамтамасыз етеді, IPX протоколы IP протоколына ұқсас және SPX протоколы TCP протоколы на ұқсас. IPX/SPX протоколы негізінен жергілікті желілерге (LAN) арналған және осы мақсатта ол өте тиімді протокол болып табылады (әдетте оның жұмыс көрсеткіштері жергілікті желідегі TCP/IP көрсеткіштерінен жоғары).

ISO

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) - ұлттық стандарттау органдарының өкілдерінен құралған халықаралық стандарттау органы. Ол халықаралық өнеркәсіп және сауда стандарттарын шығарады.

ITU-T

Халықаралық телекоммуникация одағы - халықаралық радио және телекоммуникация саласын стандарттау және реттеу үшін құрылған халықаралық ұйым. Оның негізгі мақсаттары радиожиіліктер диапазонын бөлу, стандарттау және халықаралық телефон байланыстарын қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі елдер арасында өзара байланыс келісімдерін ұйымдастыру. ITU-T сөзіндегі -T әрпі телекоммуникацияны білдіреді.

ITU-T № 1 диаграмма

Құжаттарды факсимильді байланыс арқылы жіберу үшін ITU-T жариялаған стандартталған сынақ диаграммасы.

JBIG

Екі деңгейлі кескіндер жөніндегі бірлескен эксперттер тобы (JBIG) - дәлдік пен сапаны жоғалтпай кескіндерді қысу стандарты, бинарлық кескіндерді қысуға арналған, әсіресе факстер үшін, сонымен қатар басқа кескіндер үшін де пайдалануға болады.

JPEG

Фотосуреттер жөніндегі бірлескен эксперттер тобы (JPEG) - фотосуреттерді жоғалтумен қысу үшін ең көп қолданылатын стандартты әдіс. Фотосуреттерді Интернетте сақтау және жіберу үшін пайдаланылатын пішім.

LDAP

Каталогқа кіру үшін жеңілдетілген протокол (LDAP) - TCP/IP арқылы жұмыс істейтін каталог қызметтерін сұрауға және өзгертуге арналған желілік протокол.

Жарық диодты экран

Жарық шығаратын диод (LED) - құрылғы күйін көрсететін жартылай өткізгішті құрылғы.

МАС-мекенжай

Ортамен қатынасты басқару (MAC) мекенжайы - желілік адаптермен байланысқан бірегей идентификатор. MAC-мекенжай бірегей 48-биттік идентификатор болып табылады, әдетте екі-екіден топталған 12 он алтылық таңбалар (мысалы, 00-00-0c-34-11-4e). Бұл мекенжай әдетте өндіруші тарапынан желілік интерфейстік картаға (NIC) қатты бекітіледі және үлкен желілерде құрылғыларды табуға әрекет жасайтын маршрутизаторларға көмек ретінде пайдаланылады.

MFP

Көп функциялы сыртқы құрылғы (MFP) - бір физикалық денеде келесі функцияларды қамтитын кеңсе құрылғысы, принтер, көшіру құрылғысы, факс, сканер және т.б.

MH

Өзгертілген Хаффман (MH) - ITU-T T.4 ұсынған кескінді тасымалдау үшін факс құрылғылары арасында берілетін деректер көлемін азайтуға арналған қысу әдісі. MH - бос орынды тиімді қысу үшін оңтайландырылған кодтық кітапқа негізделген бірізді кодтау схемасы. Факстер көбінесе бос орыннан тұратындықтан, бұл факстердің берілу уақытын барынша азайтады.

MMR

Модификацияланған модификацияланған Рид коды (MMR) - ITU-T T.6 ұсынған қысу әдісі.

Модем

Сандық ақпаратты кодтау үшін негізгі сигналды модуляциялайтын құрылғы және ол берілген ақпараттың кодын ашу үшін негізгі сигналды демодуляциялайды.

MR

Модификацияланған Рид коды (MR) - ITU-T T.4 ұсынған қысу әдісі. MR бірінші сканерленген жолды MH көмегімен кодтайды. Келесі жол бірінші жолмен салыстырылады, айырмашылықтары анықталады, сонан соң айырмашылықтар кодталады және жіберіледі.

NetWare

Novell, Inc. компаниясы жасаған желілік операциялық жүйе. Басында ол жеке компьютерде әр түрлі қызметтерді орындау үшін кооперативті көп тапсырмалылықты пайдаланды және желілік протоколдар бастапқы Xerox XNS стегіне негізделді. Қазір NetWare жүйесі TCP/IP және IPX/SPX протоколдарын қолдайды.

OPC

Фотобарабан (OPC) - лазерлік принтерден шығатын лазер сәулесін пайдаланып басып шығару үшін виртуалды кескін жасайтын механизм және ол әдетте жасыл немесе тот түсті болады және цилиндр пішініне ие.

Принтерде пайдалану кезінде барабаны бар кескін жасау блогы барабан бетін ақырын тоздырады және оны дұрыстап ауыстыру керек, себебі ол картридждің шығару щеткасына, тазалау механизміне және қағазға тиіп тозады.

Түпнұсқалар

Басқаларын шығару үшін көшірілетін, шығарылатын немесе аударылатын, бірақ өзі басқа бірдеңеден көшірілмейтін немесе шығарылмайтын бірдеңенің бірінші үлгісі, мысалы, құжат, фотосурет немесе мәтін және т.б.

OSI

Ашық жүйелердің әрекеттестігі (OSI) - байланыс үшін Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) тарапынан жасалған модель. OSI желіні жобалау үшін стандартты, модульді әдісті ұсынады, ол кешенді функциялардың қажетті жиынтығын басқарылатын, тәуелсіз, функционалдық деңгейлерге бөледі. Деңгейлер - жоғарыдан төменге қарай, қолданба, презентация, сеанс, транспорт, желі, деректер беру арнасы және физикалық.

PABX

Ішкі автоматты телефон станциясы (PABX) - жеке мекеме ішіндегі автоматты телефон коммутация жүйесі.

PCL

Принтердің басқару тілі (PCL) - принтер протоколы ретінде HP компаниясы жасаған беттерді сипаттау тілі (PDL), өнеркәсіп стандартына айналған. Басында бастапқы себелеу принтерлері үшін жасалған, PCL түрлі деңгейлерде термопринтерлер, нүкте-матрицалық принтерлер және лазерлік принтерлер үшін шығарылды.

PDF

Тасымалданатын құжат пішімі (PDF) - Adobe Systems жасаған арнайы файл пішімі, екі өлшемді құжаттарды құрылғыдан тәуелсіз және ажыратымдылықтан тәуелсіз пішімде көрсетуге арналған.

PostScript

PostScript (PS) - беттерді сипаттау тілі және бағдарлама тілі, негізінен электрондық және үстелдік баспа жүйелерінде пайдаланылады. - кескін шығару үшін интерпретаторда орындалады.

Принтер драйвері

Компьютерден принтерге деректерді тасымалдау және командаларды жіберу үшін пайдаланылатын бағдарлама.

Баспа құралы

Принтерде, сканерде, факста немесе көшіру құрылғысында пайдалануға болатын қағаз, конверт, белгілер және көшіргіш сияқты құралдар.

PPM

Бір минуттағы беттер саны (PPM) - принтердің жұмыс істеу жылдамдығын анықтау әдісі, принтер бір минут ішінде басып шығаратын беттер санын көрсетеді.

PRN файлы

Құрылғы драйверіне арналған интерфейс, бағдарламалық жасақтамаға стандартты кіріс/шығыс жүйелік қоңыраулар арқылы құрылғы драйверімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл көп тапсырмаларды жеңілдетеді.

Протокол

Екі есептегіш соңғы нүктелер арасында деректерді тасымалдауды, қосылымды, байланысты қамтамасыз ететін немесе басқаратын ереже немесе стандарт.

PS

PostScript бөлімін қараңыз.

PSTN

Жалпыға арналған телефон желісі (PSTN) - жалпыға бірдей коммутациялық телефон желілерінің жүйесі, өнеркәсіптік ғимаратта орналасады, әдетте коммутатор арқылы реттеледі.

RADIUS

Телефон желісінің абонентін қашықтан аутентификациялау қызметі (RADIUS) - пайдаланушыны қашықтан аутентификациялау және тіркеу протоколы. RADIUS аутентификация деректерін орталықтан басқаруға мүмкіндік береді, мысалы, пайдаланушы аты және құпия сөздер, желіге кіруді басқару үшін AAA (аутентификация, авторизация және есеп) принципін пайдаланады.

Ажыратымдылық

Кескіннің анықтығы, дюймдегі нүктелер санымен (DPI) өлшенеді. Дюймдегі нүктелер саны көбейсе, ажыратымдылық жоғарылайды.

SMB

Сервердің хабарлар блогы (SMB) - желілік протокол, негізінен файлдарды, принтерлерді, бірізді порттарды бірлесіп пайдалану үшін және басқа түрлі байланыстар үшін желі нүктелерінің арасында пайдаланылады. Сонымен қатар, ол тексерілген процесс аралық байланыс механизмін қамтамасыз етеді.

SMTP

Пошта жіберуге арналған қарапайым протокол (SMTP) - Интернет арқылы электрондық пошта хабарларын жіберуге арналған стандарт. SMTP - салыстырмалы түрде қарапайым, мәтінге негізделген протокол, бір немесе бірнеше хабар алушылары көрсетіледі, сонан соң хабар мәтіні беріледі. Ол клиент-сервер протоколы, клиент серверге электрондық пошта хабарын жібереді.

SSID

Сымсыз желі идентификаторы (SSID) - сымсыз жергілікті желінің (WLAN) атауы. Бір бірімен байланысу үшін сымсыз жергілікті желідегі барлық сымсыз құрылғылар бірдей SSID пайдаланады. SSID регистрге тәуелді болады және ең үлкен ұзындығы 32 таңба.

Ішкі желі маскасы

Қосалқы желі маскасы мекенжайдың қайсы бөлігі желілік мекенжай, ал қайсысы хост мекенжай екендігін анықтау үшін желілік мекенжаймен бірге пайдаланылады.

TCP/IP

Берілісті басқару протоколы (TCP) және Интернет протоколы (IP); байланыс протоколдарының жиынтығы, Интернет және басқа көптеген коммерциялық желілер жұмыс істейтін протоколдар жиынтығын енгізеді.

TCR

Берілісті растау есебі (TCR) әрбір беріліс мәліметтерін қамтамасыз етеді, мысалы, тапсырма күйі, беріліс нәтижесі және жіберілген беттер саны. Бұл есепті әр тапсырмадан кейін басып шығарылатын етіп немесе беріліс сәтсіз болғанда ғана басып шығарылатын етіп қоюға болады.

TIFF

Кескін файлының тегтік пішіні (TIFF) - ажыратымдылығы өзгеретін растрлық кескін пішімі. TIFF сканерлерден келетін кескін деректерін сипаттайды. TIFF кескіндері файлдағы кескін сипаттамаларын анықтайтын тегтерді, кілт сөздерді пайдаланады. Бұл икемді және платформадан тәуелсіз пішімді кескін өңдейтін түрлі бағдарламаларда түсірілген суреттер үшін пайдалануға болады.

Тонер картриджі

Ішінде тонер болатын принтер сияқты құрылғыда пайдаланылатын ыдыс немесе контейнер. Тонер - лазерлік принтерлерде және ксерокстарда пайдаланылатын ұнтақ, басылған қағазда мәтінді және кескіндерді пайда етеді. Тонер термофиксатордан қыздыру/қысым арқылы беріліп, қағаздың талшықтарына жабысуы мүмкін.

TWAIN

Сканерлер мен бағдарламалық жасақтамаларға арналған өнеркәсіптік стандарт. TWAIN стандартына сәйкес бағдарламасы бар TWAIN сканерін пайдалану арқылы сканерлеуді бағдарламадан қосуға болады. Ол кескін алу API, Microsoft Windows және Apple Macintosh операциялық жүйелері үшін.

UNC жолы

Бірегей атау беру ережесі (UNC) - Window NT және басқа Microsoft өнімдерінде ортақ желіге кірудің стандартты жолы. UNC жолының пішімі: \\<servername>\<sharename>\<Қосымша каталог>

URL

Ресурстардың бірегей көрсеткіші (URL) - құжаттардың және ресурстардың Интернеттегі ғаламдық мекенжайы. Мекенжайдың бірінші бөлігі пайдаланылатын протоколды көрсетеді, екінші бөлігі ресурс орналасқан IP-мекенжайды немесе домен атауын сипаттайды.

USB

Әмбебап бірізді шина (USB) - USB Implementers Forum, Inc. жасаған стандарт, компьютер мен сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланылады. Параллель порттан айырмашылығы, USB бір мезгілде бір компьютер USB портын бірнеше сыртқы құрылғыларға қосады.

Су таңбасы

Су таңбасы - қағаздағы көрінетін кескін немесе өрнек, жарықпен қарағанда ашық көрінеді. Алғаш рет су таңбалары 1282 жылы Италияның Болонья қаласында пайдаланылды; оларды өз өнімдерін белгілеу үшін қағаз жасаушылар пайдаланды, пошта маркаларында, ақшада және басқа үкімет құжаттарында қолдан жасауды болдырмау мақсатында пайдаланылды.

WEP

Енгізілген құпиялылық эквиваленті (WEP) - қауіпсіздік протоколы, IEEE 802.11, сымды жергілікті желідегі қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. WEP радио арқылы деректерді шифрлау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, екі нүкте арасында берілген кезде деректер қорғалады.

WIA

Windows кескін архитектурасы (WIA) - басында Windows Me және Windows XP жүйесінде енгізілген кескін архитектурасы. Сканерлеуді WIA сканерін пайдаланып осы операциялық жүйелердің ішінен қосуға болады.

WPA

Wi-Fi қорғалған қатынас (WPA) - сымсыз (Wi-Fi) компьютер желілерін қорғайтын жүйелер тобы, WEP қауіпсіздік мүмкіндіктерін жетілдіру үшін жасалған.

WPA-PSK

WPA-PSK (WPA алдын ала ортақтасқан кілт) - шағын бизнес пен үйде пайдаланушылар үшін WPA арнайы режимі. Ортақ кілт немесе құпия сөз, сымсыз кіру нүктесінде (WAP) конфигурацияланады және сымсыз лэптоп немесе үстел құрылғылары. WPA-PSK қауіпсіздікті арттыру үшін сымсыз клиент пен тиісті WAP арасындағы әрбір сеанс үшін бірегей кілт шығарады.

WPS

Wi-Fi қорғалған орнату (WPS) - сымсыз үй желісін орнату стандарты. Егер сымсыз кіру нүктесі WPS стандартын қолдаса, сымсыз желі қосылымын компьютерсіз оңай конфигурациялауға болады.

XPS

XML қағаз сипаттамасы (XPS) - беттерді сипаттау тіліне (PDL) және жаңа құжат пішіміне арналған сипаттама, тасымалы құжат және электрондық құжат үшін артықшылықтары бар, Microsoft тарапынан жасалған. XML негізіндегі сипаттама, жаңа баспа жолына негізделген және векторға негізделген құрылғыдан тәуелсіз құжат пішімі.