Желі арқылы драйверді орнату

[Note]
  • Желі интерфейсін қолдамайтын машина бұл мүмкіндікті пайдалана алмайды (Артқы көрінісі бөлімін қараңыз).

  • Модельге немесе елге байланысты кейбір мүүмкіндіктер және қосымшалар ққол жетімді болмауы мүүмкін (Үлгілер бойынша мүмкіндіктер бөөлімін қараңыз).

Windows

  1. Құрылғының желіге қосылғанын және қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз. Сонымен бірге, машинаның IP мекенжайын орнату керек (IP мекенжайды орнату бөлімін қараңыз).

  2. Қос берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM дискжетекке енгізіңіз.

  3. Установить сейчас түймесін басыңыз.

  4. Лицензионное соглашение бөлімін оқыңыз және I accept the terms of the License Agreement түймесін таңдаңыз. Содан кейін Далее түймесін басыңыз.

  5. "Connect Printer" экранынан "Network Connection" параметрін таңдаңыз және Далее түймесін басыңыз.

    [Note]

    Егер машина желіде немесе жергілікті орында табылмаса, қате туралы хабар шығады. Қажет параметрді таңдап, Далее түймесін басыңыз.

  6. Іздеген құрылғылар экранға шығады. Пайдалану қажет құрылғыны таңдап, OK түймесін басыңыз.

  7. Орнату терезесіндегі нұсқауларды орындаңыз.

Тыныш орнату режимі

Тыныш орнату режимі – ешбір пайдаланушы араласуын қажет етпейтін орнату әдісі. Орнатуды бастағанда, құрылғы драйвері мен бағдарламалық құрал компьютерге автоматты түрде орнатылады. Тыныш орнатуды пәрмен терезесінде /s немесе /S енгізіп бастауға болады.

Пәрмен жолының параметрлері

Келесі кестеде пәрмен терезесінде пайдалануға болатын пәрмендер көрсетілген.

[Note]

Келесі пәрмен жолы пәрмен /s немесе /S. таңбаларымен бірге пайдаланғанда тиімді және іске қосылады. Бірақ /h, /H or /? тек басқаруға болатын ерекше пәрмендер.

Пәрмен жолы

Анықтама

Сипаттама

/s немесе /S

Тыныш орнатуды бастайды.

Ешбір пайдаланушылық интерфейсті немесе пайдаланушы араласуын шақырмай құрылғы драйверлерін орнатады.

/p”<port name>” немесе /P”<port name>”

Принтер портын көрсетеді.

[Note]

Желілік порт стандартты TCP/IP порт мониторын пайдалана отырып жасалады. Жергілікті порт үшін бұл порт жүйеде пәрмен арқылы көрсетуден бұрын болуы керек.

Принтер портының атауын IP мекенжай, түйін атауы, USB жергілікті порт атауы немесе IEEE1284 порт атауы ретінде көрсетуге болады.

Мысалы

  • /p”xxx.xxx.xxx.xxx” мұндағы “xxx.xxx.xxx.xxx” желілік принтердің IP мекенжайын білдіреді. /p”USB001”, /P”LPT1:”, /p”hostname”

  • Корей тілінде драйверді тыныш орнатқанда, мынаны енгізіңіз: Setup.exe /s /L"0x0012”.

/a”<dest_path>” немесе /A”<dest_path>”

Орнату үшін мақсатты жолды көрсетеді.

[Note]

Мақсатты жол толығымен жарамды жол болуы керек.

Құрылғы драйверлерін тек амалдық жүйеге сай орынға орнату керек болғандықтан, бұл пәрмен тек қолданбалы бағдарламалық құралға қолданылады.

/i”<script filename>” немесе /I”<script filename>”

Теңшелетін әрекет үшін теңшелген орнату сценарий файлын көрсетеді.

[Note]

Сценарийдің файл атауы толығымен жарамды файл атауы болуы керек.

Теңшелген сценарий файлын теңшелетін тыныш орнату үшін тағайындауға болады. Бұл сценарий файлын берілген орнатушыны теңшеу қызметтік бағдарламасы немесе мәтін өңдегіші арқылы жасауға немесе өзгертуге болады.

Ескертпе: Бұл теңшелген сценарий файлы орнату бумасындағы әдепкі орнатушы параметрінен басым, бірақ пәрмен жолы параметрлерінен басым емес.

/n”<Printer name>” немесе /N”<Printer name>”

Принтер атауын көрсетеді. Принтер данасын көрсетілген принтер атауы ретінде жасау керек.

Бұл параметр көмегімен қалағаныңызша принтер даналарын қоса аласыз.

/nd немесе /ND

Орнатылған драйверді әдепкі құрылғы драйвері етіп орнатпауға пәрмен береді.

Бұл орнатылған құрылғы драйвері бір немесе одан көп принтер драйверлері орнатылған болса, орнатылған құрылғы драйвері жүйедегі әдепкі құрылғы драйвері болмайтынын көрсетеді. Жүйеде құрылғы драйвері орнатылмаған болса, онда бұл параметр қолданылмайды, өйткені Windows амалдық жүйесі орнатылған принтер драйверін әдепкі құрылғы драйвері ретінде орнатады.

/x немесе /X

Әлдеқашан орнатылған болса, принтер данасын жасау үшін бар құрылғы драйверінің файлдарын пайдаланады.

Бұл пәрмен қосымша драйверді орнатусыз орнатыдған принтер драйверінің файлдарын пайдаланатын принтер данасын орнату жолын қамтамасыз етеді.

/up”<printer name>” немесе /UP”<printer name>”

Драйвер файлдарын емес, ал тек көрсетілген принтер данасын жояды.

Бұл пәрмен басқа принтер драйверлеріне әсер етпестен, жүйеден тек көрсетілген принтер данасын жою жолын береді. Ол жүйеден принтер драйверінің файлдарын жоймайды.

/d немесе /D

Жүйеден бүкіл құрылғы драйверлерін және бағдарламаларды жояды.

Бұл пәрмен жүйеден барлық орнатылған құрылғыі драйверлерін және қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы жояды.

/v”<ортақ атау>” немесе /V”<ортақ атау>”

Орнатылған құрылғыны ортақ пайдаланады және Point & Print үшін үшін басқа қол жетімді платформа драйверлерін қосады.

Ол жүйеге барлық қолдау көрсетілетін Windows платформасының құрылғы драйверлерін орнатады және оны көрсетілген point and print <ортақ атаумен> ортақ пайдаланады.

/o немесе /O

Орнатудан кейін Принтеры и факсы қалтасын ашады.

Бұл пәрмен тыныш орнатудан кейін Принтеры и факсы қалтасын ашады.

/f”<log filename>” немесе /F”<log filename>”

Жұрналдың файл атауын көрсетеді. Көрсетілмесе, әдепкі жұрнал файлы жүйенің уақытша қалтасында жасалады.

Ол көрсетілген қалтада жұрнал файлын жасайды.

/h, /H немесе /?

Пәрмен жолын пайдалануды көрсетеді.

Macintosh

  1. Құрылғының желіге және қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз.

  2. Қос берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM дискжетекке енгізіңіз.

  3. Macintosh жұмыс үстелінде шығатын CD-ROM белгішесін екі рет басыңыз.

  4. MAC_Installer қалтасы > Installer OS X белгішесін екі рет нұқыңыз.

  5. Continue түймесін басыңыз.

  6. Лицензиялық келісім-шартты оқыңыз және Continue түймесін басыңыз.

  7. Лицензиялық келісім-шартпен келісі үшін Agree түймесін басыңыз.

  8. Барлық бағдарламалар компьютеріңізде жабылатыны туралы хабар шыққан кезде Continue түймесін басыңыз.

  9. User Options Pane тармағындағы Continue пәрменін таңдаңыз.

    [Note]

    IP мекенжайды әлі орнатпаған болсаңыз, «Set IP address» (IP мекенжайды орнату) пәрменін таңдап, SetIP бағдарламасын пайдаланып, IPv4 протоколды теңшеу (Macintosh) бөлімін қараңыз. Сымсыз желі параметрін орнатқыңыз келсе, Macintosh жүйесін пайдаланып орнату бөлімін қараңыз.

  10. Install түймесін басыңыз. Құрылғы жұмысына қажетті барлық құрылғылар орнатылады.

    Егер Customize пәрменін таңдасаңыз, орнату үшін жеке құрамдастарды таңдай аласыз.

  11. Құпиясөзді енгізіңіз және OK түймесін басыңыз.

  12. Бағдарламалық жасақтаманы орнату компьютерді қайта қосуды қажет етеді. Continue Installation пәрменін таңдаңыз.

  13. Орнату аяқталғанда Close пәрменін таңдаңыз.

  14. Applications қалтасын > Utilities > Print Setup Utility тармағын ашыңыз.

    • Mac OS X 10.5-10.7 жүйелері үшін Applications қалтасы > System Preferences тармағын ашып, Print & Fax пәрменін таңдаңыз.

  15. Add түймесін Printer List тізімінен басыңыз.

    • Mac OS X 10.5-10.7 жүйесінде «+» белгішесін нұқыңыз. Дисплей терезесі шығады.

  16. Mac OS X 10.4 үшін IP Printer тармағын таңдаңыз.

    • Mac OS X 10.5-10.7 жүйесінде «IP» пәрменін таңдаңыз.

  17. Protocol ішінде HP Jetdirect - Socket тармағын таңдаңыз.

    [Note]

    Көп беті бар құжатты басып шығарған кезде басып шығарудың өнімділігін Printer Type опциясына арналған Socket тармағын таңдау арқылы жақсартуға болады.

  18. Address енгізу өрісіне құрылғының IP мекенжайын енгізіңіз.

  19. Queue енгізу өрісіне кезектің атауын енгізіңіз. Құрылғы сервері үшін кезектің атауын анықтай алмасаңыз алдымен әдепкі кезекті пайдаланып көріңіз.

  20. Mac OS X 10.4 құрылғысы үшін Автотаңдау мүмкіндігі дұрыс жұмыс істемесе, Samsung тармағын Print Using бөлімінен және құрылғы атауын Model тармағынан таңдаңыз.

    • Mac OS X 10.5-10.7 жүйесінде Автотаңдау мүмкіндігі дұрыс жұмыс істемесе, Select Printer Software пәрменін және Print Using ішінде машинаның атауын таңдаңыз.

  21. Add түймесін басыңыз.

    Машина Printer List ішінде шығады және әдепкі машина ретінде орнатылады.

Linux

Принтердің бағдарламасын орнату үшін Samsung веб-торабынан Linux бағдарламаларының бумаларын қотару керек (www.samsung.com > find your product > Support or Downloads).

[Note]

Басқа бағдарламалық жасақтаманы орнату үшін:

Linux драйверін орнату және желілік принтерді қосу

  1. Құрылғының желіге және қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз. Сонымен қатар құрылғының IP мекенжайы орнатылуы керек.

  2. Samsung веб-торабына Unified Linux Driver (Ортақ Linux драйвері) бумасын жүктеп алыңыз.

  3. UnifiedLinuxDriver.tar.gz файлын шығарып алыңыз және жаңа каталогты ашыңыз.

  4. Linux қалтасы > install.sh белгішесін екі рет нұқыңыз.

  5. Samsung орнатушы терезесі ашылады. Continue түймесін басыңыз.

  6. Принтерді қосу шеберінің терезесі ашылады. Next түймесін басыңыз.

  7. Желілік принтерді таңдаңыз және Search түймесін басыңыз.

  8. Машинаның IP мекенжайы және модель атауы тізім өрісінде шығады.

  9. Құрылғыны таңдап Next түймесін басыңыз.

  10. Принтердің сипаттамасын енгізіп, Next түймесін басыңыз.

  11. Машинаны қосқаннан кейін Finish түймесін басыңыз.

  12. Орнату аяқталғанда Finish түймесін басыңыз.

Желілік принтерді қосу

  1. Unified Driver Configurator екі рет басыңыз.

  2. Add Printer. пәрменін таңдаңыз.

  3. Add printer wizard терезесі ашылады. Next түймесін басыңыз.

  4. Network printer түймесін және Search түймесін басыңыз.

  5. Тізім өрісінде принтердің IP мекенжайы мен моделі шығады.

  6. Құрылғыны таңдап Next түймесін басыңыз.

  7. Принтердің сипаттамасын енгізіп, Next түймесін басыңыз.

  8. Машинаны қосқаннан кейін Finish түймесін басыңыз.

UNIX

[Note]
  • UNIX принтер драйверін орнату алдында құрылғының UNIX операциялық жүйефсін қолдайтынын тексеріңіз (Үлгілер бойынша мүмкіндіктер бөлімін қараңыз)

  • Пәрмендер “” етіп белгіленген, пәрмендерді теру кезінде “” термеңіз.

UNIX принтер драйверін пайдалану үшін алдынмен UNIX принтер драйверінің бумасын, содан кейін принтерді орнату керек. UNIX принтер драйвері бумасын Samsung веб-торабынан қотаруға болады (www.samsung.com > find your product > Support or Downloads).

UNIX принтер драйвері бумасын орнату

Орнату іс-рәсімі барлық аталған UNIX амалдық жүйе нұсқаларында бірдей.

  1. Samsung веб-торабынан UNIX принтер драйвері бумасын компьютерге қотарыңыз және ашыңыз.

  2. Түбірлік артықшылықтарды алыңыз.

    su -

  3. Тиісті драйвер мұрағатын мақсатты UNIX компьютеріне көшіріңіз.

    [Note]

    Егжей-тегжейлерді алу үшін UNIX амалдық жүйесінің басқару нұсқаулығын қараңыз.

  4. UNIX принтер драйвері бумасының мұрағатын ашыңыз.

    Мысалы, IBM AIX жүйесінде келесі пәрмендерді пайдаланыңыз.

    gzip -d < бума атауын енгізіңіз | tar xf -

  5. Ашылған каталогқа өтіңіз.

  6. Орнату сценарийін іске қосыңыз.

    ./install

    install – UNIX принтер драйвері бумасын орнату немесе жою үшін пайдаланылатын орнатушы сценарий файлы.

    Орнату сценарийіне рұқсат ету үшін «chmod 755 install» пәрменін пайдаланыңыз.

  7. Бүкіл буманы жою үшін «. /install –c» пәрменін орындаңыз.

  8. Пәрмен жолында “installprinter” орындаңыз. Add Printer Wizard терезесі шығады. Кeлесі іс рәсімдерді орындап, осы терезеде принтерді теңшеңіз.

    [Note]

    Кейбір UNIX амалдық жүйелерінде, мысалы, Solaris 10 жүйесінде жаңа ғана қосылған принтерлер қосылмауы және/немесе тапсырмаларды қабылдамауы мүмкін. Бұл жағдайда root терминалында келесі екі пәрменді орындаңыз:

    accept <printer_name>

    enable <printer_name>

Принтер драйверлері бумасын жою

[Note]

Жүйеде орнатылған принтерді жою үшін қызметтік бағдарламаны пайдалану керек.

  1. Терминалда «uninstallprinter» пәрменін орындаңыз.

    Uninstall Printer Wizard шебері ашылады.

    Орнатылған принтерлер ашылмалы тізімде көрсетіледі.

  2. Жою керек принтерді таңдаңыз.

  3. Принтерді жүйеден жою үшін Delete пәрменін таңдаңыз.

  4. Бүкіл буманы жою үшін «. /install –d» пәрменін орындаңыз.

  5. Жою нәтижелерін тексеру үшін «. /install –c» пәрменін орындаңыз.

Оны қайта орнату үшін екілік файлдарды қайта орнату үшін «. /install» пәрменін пайдаланыңыз.

Принтерді орнату

UNIX жүйесіне принтерді қосу үшін пәрмен жолынан «installprinter» пәрменін орындаңыз. Add Printer Wizard терезесі шығады. Кeлесі іс рәсімдерді орындап, осы терезеде принтерді теңшеңіз:

  1. Принтердің атауын енгізіңіз.

  2. Модельдер тізімінде тиісті принтер моделін таңдаңыз.

  3. Type өрісіне принтер түріне сәйкес кез келген сипаттаманы енгізіңіз. Бұл міндетті емес.

  4. Description өрісінде кез келген принтер сипаттамасын көрсетіңіз. Бұл міндетті емес.

  5. Location өрісінде принтердің орнын көрсетіңіз.

  6. Желіге қосылған принтерлер үшін Device мәтін ұясында принтердің IP мекенжайын немесе DNS атауын енгізіңіз. jetdirect Queue type бар IBM AIX жүйесінде тек DNS атауына рұқсат етілген, сандық IP мекенжайға тыйым салынған.

  7. Queue type қосылымды сәйкес тізімді жолақта lpd немесе jetdirect ретінде көрсетіледі. Бұған қоса, Sun Solaris OS жүйесінде usb түрі бар.

  8. Көшірмелердің санын орнату үшін Copies пәрменін таңдаңыз.

  9. Сұрыпталған көшірмелерді алу үшін Collate параметріне құсбелгі қойыңыз.

  10. Көшірмелерді кері ретпен алу үшін Reverse Order параметріне құсбелгі қойыңыз.

  11. Принтерді әдепкі ретінде орнату үшін Make Default параметріне құсбелгі қойыңыз.

  12. Принтерді қосу үшін OK түймесін басыңыз.