Сымды желіні орнату

Желіде желі протоколдарын пайдалану үшін оларды құрылғыға орнату керек.

Желіні құрылғыдағы сәйкес портқа желі кабелін жалғағаннан кейін пайдалануыңызға болады.

Желі конфигурациясы есебін басып шығару

Машинаның басқару тақтасынан машинаның ағымдағы желілік параметрлерін көрсететін желі теңшелімі туралы есепті басып шығара аласыз. Бұл желіні орнатуға көмектеседі.

  • Машинада дисплей экраны бар. Басқару тақтасында (Меню) түймесін басып, Сеть > Конфигур. сети пәрменін таңдаңыз. (Конфигурация сети) > Иә.

  • Машинада дисплей экраны жоқ: Басқару тақтасында (Отмена немесе Стоп/Сброс) түймесін бес секундтан көп басыңыз.

  • (Отмена немесе Стоп/Сброс) түймесі жоқ машина: Басқару тақтасында (WPS) түймесін он секундтан көп басыңыз.

Осы желі теңшелімі туралы есепті пайдаланып, машинаның MAC мекенжайын және IP мекенжайын таба аласыз.

Мысалы:

  • MAC мекенжай: 00:15:99:41:A2:78

  • IP мекенжай: 165.254.192.192

IP мекенжайды орнату

[Note]
  • Желі интерфейсін қолдамайтын машина бұл мүмкіндікті пайдалана алмайды (Артқы көрінісі бөлімін қараңыз).

  • Бағдарлама TCP/IPv6 қолдамайды.

Алдымен желілік басып шығару мен басқару үшін IP мекенжайын орнатуыңыз керек. Көп жағдайда жаңа IP мекенжайы желідегі DHCP (Динамикалық хост конфигурация протоколы) серверіне автоматты түрде тағайындалады.

SetIP бағдарламасын пайдаланып, IPv4 протоколды теңшеу (Windows)

SetIP бағдарламасын пайдалану алдында Басқару тақтасы > Центр обеспечения безопасности > Windows желіаралық дидары тармағында компьютердің брандмауэрын ажыратыңыз.

  1. Бұл бағдарламаны берілген ықшам дискіде Application > SetIP > Setup.exe файлын нұқып, орнатыңыз.

  2. Орнату терезесіндегі нұсқауларды орындаңыз.

  3. Құрылғыны желіге желілік кабельмен қосыңыз.

  4. Құрылғыны өшіріңіз.

  5. Windows жүйесінің Бастау мәзірінен Барлық бағдарламаларда > Samsung Printers > SetIP > SetIP тармағын таңдаңыз.

  6. SetIP терезесіндегі белгішесін (сол жаққтан үүшінші) нұқұқып, TCP/IP теңңшеу терезесін ашыңңыз.

  7. Теңшелім терезесіне құрылғының жаңа ақпаратын төмендегідей енгізіңіз. Қауымдық интражеліде жалғастыру алдында бұл ақпаратты желілік менеддежр тағайындауы керек болуы мүмкін.

    [Note]

    Желі теңшелімі туралы есепте машинаның MAC мекенжайын табыңыз (Желі конфигурациясы есебін басып шығару бөлімін қараңыз) және оны қос нүктелерсіз енгізіңіз. Мысалы, 00:15:99:29:51:A8 мекенжайы 0015992951A8 түріне айналады.

  8. Применить түймесін, содан кейін OK түймесін басыңыз. Құрылғы автоматты түрде Желілік теңшелім туралы есепті басып шығарады. Барлық параметрлер дұрыс екенін растаңыз.

SetIP бағдарламасын пайдаланып, IPv4 протоколды теңшеу (Macintosh)

SetIP бағдарламасын пайдалану алдында System Preferences > Security > Firewall тармағында компьютердің брандмауэрын ажыратыңыз.

[Note]

Келесі нұсқаулар модельге байланысты өзгешеленуі мүмкін.

  1. Құрылғыны желіге желілік кабельмен қосыңыз.

  2. Орнату дискісін салыңыз, диск терезесін ашыңыз, MAC_Installer > MAC_Printer > SetIP > SetIPapplet.html тармағын таңдаңыз.

  3. Файлды екі рет басыңыз және Safari автоматты түрде ашылады, содан кейін Trust мәзірін таңдаңыз. Браузер принтердің атауы мен IP мекенжай туралы ақпаратты көрсететін SetIPapplet.html бетін ашады.

  4. SetIP терезесіндегі белгішесін (сол жаққтан үүшінші) нұқұқып, TCP/IP теңңшеу терезесін ашыңңыз.

  5. Теңшеу терезесіне машинаның жаңа ақпаратын енгізіңіз. Қауымдық интражеліде жалғастыру алдында бұл ақпаратты желілік менеддежр тағайындауы керек болуы мүмкін.

    [Note]

    Желі теңшелімі туралы есепте машинаның MAC мекенжайын табыңыз (Желі конфигурациясы есебін басып шығару бөлімін қараңыз) және оны қос нүктелерсіз енгізіңіз. Мысалы, 00:15:99:29:51:A8 мекенжайы 0015992951A8 түріне айналады.

  6. Apply түймесін, содан кейін OK түймесін, содан кейін қайтадан OK түймесін басыңыз.

  7. Safari бағдарламасынан шығыңыз.

SetIP бағдарламасын пайдаланып, IPv4 протоколды теңшеу (Linux)

SetIP бағдарламасын пайдалану алдында System Preferences немесе Administrator тармағында компьютердің брандмауэрын ажыратыңыз.

[Note]

Төмендегі нұсқаулар модельге немесе амалдық жүйелерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

  1. /opt/Samsung/mfp/share/utils/ тармағын ашыңыз.

  2. SetIPApplet.html файлын екі рет басыңыз.

  3. TCP/IP конфигурация терезесін ашу үшін басыңыз.

  4. Теңшеу терезесіне машинаның жаңа ақпаратын енгізіңіз. Қауымдық интражеліде жалғастыру алдында бұл ақпаратты желілік менеддежр тағайындауы керек болуы мүмкін.

    [Note]

    Желі теңшелімі туралы есепте машинаның MAC мекенжайын табыңыз (Желі конфигурациясы есебін басып шығару бөлімін қараңыз) және оны қос нүктелерсіз енгізіңіз. Мысалы, 00:15:99:29:51:A8 мекенжайы 0015992951A8 түріне айналады.

  5. Құрылғы автоматты түрде Желілік теңшелім туралы есепті басып шығарады.