Негізгі артықшылықтар

Ортаға қауіпсіз

  • Тонер мен қағазды үнемдеу үшін бұл құрылғы үнемдеу мүмкіндігін қолдайды (Easy Eco Driver бөлімін қараңыз).

  • Қағазды үнемдеу үшін қағаз парағында бірнеше бетті басып шығаруға болады (Кеңейтілген басып шығару мүмкіндіктерін пайдалану бөлімін қараңыз).

  • Қағазды үнемдеу үшін қағаздың екі жағында да басып шығаруға болады (қолмен екі жақты басып шығару) (Кеңейтілген басып шығару мүмкіндіктерін пайдалану бөлімін қараңыз).

  • Электр қуатын үнемдеу үшін бұл машина пайдаланылып жатпаған кезде қуатты тұтынуды айтарлықтай азайтып, электр қуатын автоматты түрде үнемдейді.

Тамаша сапамен және жылдамдықпен басып шығару

  • 1,200 x 1,200 нүкте/дюйм өнімділігіне дейінгі ажыратымдылықпен басып шығара аласыз.

  • Жылдам, сұрау бойынша басып шығару.

    • Бір жақққты басып шығғару үүшін 20 ppm (A4) немесе 21 ppm (Letter).

    • ML-2164 Series: Бір жақққты басып шығғару үүшін 18 ppm (A4) немесе 19 ppm (Letter).

Ыңғайлылық

  • Easy Capture Manager бағдарламасы пернетақтадағы Print Screen пернесін пайдаланып түсірген кез келген нәрсені оңай өңдеуге және басып шығаруға мүмкіндік береді (Easy Capture Manager бағдарламасын түсіну бөлімін қараңыз).

  • Samsung Easy Printer Manager және Состояние принтера Samsung (немесе Smart Panel) – машинаның күйін бақылайтын және сізге хабарлайтын және машинаның параметрлерін теңшеуге мүмкіндік беретін бағдарлама (Samsung Easy Printer Manager бағдарламасын пайдалану бөлімін қараңыз).

  • AnyWeb Print бағдарламасы экранды әдеттегі бағдарламаны пайдаланғанмен салыстырғанда оңайырақ түсіруге, алдын ала қарауға, қиюға және басып шығаруға көмектеседі (Samsung AnyWeb Printбөлімін қараңыз).

  • Служба обновлений бағдарламасы ең соңғы бағдарламалық жасақтаманы тексеруге және принтер драйверін орнату барысында ең соңғы нұсқаны орнатуға мүмкіндік береді. Windows жүйесінің пайдаланушыларына ғана қол жетімді.

  • Егер Интернетке қатынасыңыз болса, Samsung веб-торабынан анықтаманы, қосымша бағдарламаларды, құрылғы драйверлерін, нұсқаулықтарды және тапсырыс беру туралы ақпаратты ала аласыз, www.samsung.com > өнімді табыңыз > Қолдау немесе Қотарулар.

Функциялардың және бағдраламалардың кең ауқымына қолдау көрсету

Әр түрлі сымсыз желіні орнату әдістерін қолдайды

  • WPS (Wi-Fi Protected Setup™) түймесін пайдалану

    • Құрылғыдағы және қатынас орнында (сымсыз маршрутизатор) WPS түймесін пайдаланып сымсыз желіге оңай қосыла аласыз.

  • USB кабелін немесе желілік кабельді пайдалану

    • USB кабельді немесе желілік кабельді пайдаланып сымсыз желіге қосылып, оның әр түрлі параметрлерін орната аласыз.

  • Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдалану

    • Wi-Fi немесе Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдаланып ұшқыр құрылғыдан ыңғайлы басып шығара аласыз.