IPv6 конфигурациясы

[Caution]

IPv6 протоколына тек Windows Vista немесе одан жоғары жүйелер қолдау көрсетеді.

[Note]

IPv6 желісі жұмыс істемесе, барлық желі параметрлерін зауыттық әдепкі мәндерге орнатып, Сброс настроек пәрменін пайдаланып көріңіз.

IPv6 желісінде IPv6 мекенжайын пайдалану үшін мына процедураны орындаңыз.

Басқару панелінен

  1. Құрылғыны желіге желілік кабельмен қосыңыз.

  2. Құрылғыны өшіріңіз.

  3. IPv6 мекенжайларын тексеретін желі теңшелімі туралы есепті басып шығарыңыз (Желі конфигурациясы есебін басып шығару бөлімін қараңыз).

  4. Бастау > Басқару тақтасы > Принтеры и факсы тармағын таңдаңыз.

  5. Принтеры и факсы терезесінің сол жақ тақтасында Добавить принтер пәрменін таңдаңыз.

  6. Добавить принтер терезесінде Добавить локальный принтер пәрменін таңдаңыз.

  7. Басып шығарғыш орнату шебері терезесі шығады. Терезедегі нұсқауларды орындаңыз.

[Note]

Егер құрылғы желіде жұмыс істемей тұрса, IPv6 конфигурациясын қосыңыз. Келесі бөлімге қараңыз.

IPv6 мүмкіндігін іске қосу

  1. Басқару тақтасында (Меню) түймесін басыңыз.

  2. Сеть > TCP/IP (IPv6) > Включить IPv6 тармағын таңдаңыз.

  3. Вкл. пәрменін таңдап, ОК түймесін басыңыз.

  4. Құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз.

  5. Принтер драйверін қайтадан орнатыңыз.

IPv6 мекенжайларын орнату

Машина желіде басып шығару және басқару үшін келесі IPv6 мекенжайларын қолдайды.

  • Link-local Address: Өзі конфигурацияланатын жергілікті IPv6 мекенжайы (Мекенжай FE80 деп басталады).

  • Stateless Address: Желі маршрутизаторы арқылы автоматты түрде конфигурацияланған IPv6 мекенжайы.

  • Stateful Address: DHCPv6 сервері арқылы конфигурацияланған IPv6 мекенжайы.

  • Manual Address: Пайдаланушы арқылы конфигурацияланатын IPv6 мекенжайы.

DHCPv6 мекенжайының параметрлерін реттеу (Мекенжайлар сервері)

Желіде DHCPv6 сервер болса, әдепкі динамикалық түйін теңшелімі үшін келесі параметрлердің біреуін орната аласыз.

  1. Басқару тақтасында (Меню) түймесін басыңыз.

  2. Сеть > TCP/IP (IPv6) > Конфиг. DHCPv6 тармағына өтіңіз.

  3. Қажет мәнді таңдау үшін OK түймесін басыңыз.

    • Адрес DHCPv6: DHCPv6 серверін маршрутизатор талабына қарамастан әрдайым пайдаланыңыз.

    • Откл. DHCPv6: DHCPv6 серверін маршрутизатор талабына қарамастан ешқашан пайдаланбаңыз.

    • Маршрутизатор: DHCPv6 серверін тек маршрутизатор талап еткенде пайдаланыңыз.

SyncThru™ Web Service бағдарламасында

[Note]

Басқару тақтасында дисплей экраны жоқ модельдерде алдымен IPv4 мекенжайын пайдаланып SyncThru™ Web Service бағдарламасына қатынасып, IPv6 мекенжайын пайдалану үшін төмендегі процедураны пайдаланыңыз.т

  1. Windows жүйесінен Internet Explorer сияқты веб-браузерге кіріңіз. Мекенжай жолағына құрылғының IP мекенжайын (http://xxx.xxx.xxx.xxx) енгізіп, Enter пернесін басыңыз немесе Өту түймесін басыңыз.

  2. Егер SyncThru™ Web Service бағдарламасына бірінші рет кіруіңіз болса, әкімші ретінде кіру керек. Төмендегі әдепкі идентификаторды және құпия сөзді енгізіңіз.

    • Идентификатор:  admin

    • Пароль:  sec00000

  3. SyncThru™ Web Service терезесі ашылғанда тінтуірдің меңзерін жоғарғы мәзір жолағының Настройки үстіне апарыңыз, содан кейін Параметры сети пәрменін таңдаңыз.

  4. Веб-тораптың сол жақ тақтасында TCP/IPv6 пәрменін таңдаңыз.

  5. IPv6 протоколын белсендіру үшін Протокол IPv6 құсбелгісін қойыңыз.

  6. Ввод адреса вручную құсбелгісін қойыңыз. Содан кейін Адрес/Префикс мәтін ұясы белсендіріледі.

  7. Мекенжайдың қалған бөлігін енгізіңіз (мысалы,:3FFE:10:88:194::AAAA. бұл жерде «А» — 0 мен 9, A және F аралығындағы он алтылық сан)

  8. DHCPv6 конфигурациясын таңдаңыз.

  9. Применить түймесін басыңыз.

SyncThru™ Web Service бағдарламасын пайдалану

  1. URL мекенжайы ретінде IPv6 мекенжайын қолдайтын Internet Explorer сияқты веб-шолғышты іске қосыңыз.

  2. Желі теңшелімі есебінде IPv6 мекенжайларының біреуін таңдаңыз (Link-local Address, Stateless Address, Stateful Address, Manual Address) (Желі конфигурациясы есебін басып шығару бөлімін қараңыз).

  3. IPv6 мекенжайларды енгізіңіз (мысалы,: http://[FE80::215:99FF:FE66:7701]).

    [Caution]

    Мекенжай '[ ]' жақшаға алынуы керек.